Саясатты импорттау

Kaspersky Security Center бағдарламасы саясатты KLP файлынан импорттауға мүмкіндік береді. KLP файлында экспортталған саясат, оның параметрлері және саясат профильдері бар.

Саясатты импорттау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Саясат және профильдер бөліміне өтіңіз.
  2. Импорттау түймесін басыңыз.
  3. Импорттағыңыз келетін саясат файлын таңдау үшін Шолу түймесін басыңыз.
  4. Ашылған терезеде KLP саясаты файлына апаратын жолды көрсетіңіз және Ашу түймесін басыңыз. Назар аударыңыз, сіз тек бір саясатын файлын ғана таңдай аласыз.

    Саясатты өңдеу басталады.

  5. Саясатты өңдеу сәтті аяқталғаннан кейін, саясатты қолданғыңыз келетін басқару тобын таңдаңыз.
  6. Саясатты импорттауды аяқтау үшін Аяқтау түймесін басыңыз.

Импорт нәтижелері бар хабарландыру пайда болады. Саясатты импорттау сәтті орындалса, сіз саясат сипаттарын қарап шығу үшін Мәліметтер сілтемесінен өте аласыз.

Импорт сәтті орындалғаннан кейін, саясат саясаттар тізімінде көрсетіледі. Сондай-ақ, саясат параметрлері мен профильдері импортталады. Экспортта таңдалған саясаттың күйіне қарамастан, импортталатын саясат белсенді емес. Саясат сипаттарындағы саясаттың күйін өзгертуге болады.

Импортталған жаңа саясаттың атауы бұрыннан бар саясаттың атауымен бірдей болса, импортталған саясаттың атауы түр (<реттік нөмір>), мысалы: (1), (2) жалғауы көмегімен кеңейтіледі.

Басына оралу